2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төменгі бағамен сатып ала алады
Best Doctor logo

Медициналық ақпараттық портал

Ол Қазақстанның үздік дәрігерлер туралы ақпаратты қамтиды.

Біз көмектесе аламыз Сіз дұрыс дәрігерге қабылдау жету!

Әлеуметтік медициналық көмек
+7 778 000 05 57
Дәрігерлер порталда - 964
Маған керек
Акушер-гинеколог
Аллерголог
Аллерголог
Ангиохирург
Анестезиолог-реаниматолог
Апитерапевт
Аритмолог
Атлант-специалист
Бактериолог
Бала гинекологі
Балалар неврологы
Балалар аллергологы
Балалар анестезиолог-реаниматологы
Балалар гастроэнтерологы
Балалар гематологы
Балалар инфекционисті
Балалар кардиологы
Балалар кардиохирургы
Балалар көз дәрігері
Балалар нейрохирургы
Балалар нефрологы
Балалар онкогематологы
Балалар онкологы
Балалар отоларингологы
Балалар психиатры
Балалар пульмонологы
Балалар ревматологы
Балалар стоматологы
Балалар травматолог-ортопед
Балалар уролог-андрологы
Балалар урологы
Балалар хирургі
Балалар эндокринологы
Барофизиолог
Венеролог
Вертебролог
Вертебролог - ортопед
Гастроэнтеролог
Гематолог
Гематолог-онколог
Гемодиализ дәрігері
Генетик
Гепатолог
Гинеколог
Гинеколог-эндокринолог
Гирудотерапевт
Гомеопат
Дауысым жоғалып кетті
Дене шынықтыру дәрігері (ЕДШ)
Дерматовенеролог
Дерматокосметолог
Дерматолог
Дефектолог
Ересек дерматовенерологы
Жақ-бетті хирург
Жанұялы дәрігер
Зертханашы-дәрігер
Иммунолог
Инемен емдеуші дәрігер
Интервенциялық аритмолог
Интервенциялық кардиохирург
Инфекционист
Кардиолог
Кардиохирург
Клиникалық фармаколог
Комбустиолог
Косметолог
Логопед
ЛОР
Маммолог
Маммолог-онколог
Мануальді терапевт
Массажист
Монтессори мұғалімі
Нарколог
Невролог
Нейрохирург
Неонатолог
Нефролог
Окулист
Онколог
онкохирург
Онкохирург, онкомаммолог
Операция жасайтын акушер-гинеколог
Ортопед
Ортопед -травматолог
Остеолог
Оториноларинголог
Офтальмолог
офтальмохирург
Педиатр
Пластикалық хирург
Подолог
Проктолог
Психиатр
Психолог
Психотерапевт
Пульмонолог
Радиолог
Реабилитолог
Ревматолог
Рентгенолог
Репродуктолог
Рефлексотерапевт
Сәүлелі диагностика
Сомнолог
Спорттық медицина дәрігері
Стоматолог
Стоматолог-имплантолог
Стоматолог-ортодонт
Стоматолог-ортопед
Стоматолог-терапевт
Стоматолог-хирург
Сурдолог
Сурдопедагог
Тамыр ангиохирургі
Тамыр хирургы
Терапевт
Тифлопедагог
Торакальді хирург
Травматолог
Травматолог-Ортопед
Трансплантолог
Трансфузиолог
Трихолог
Ультрадыбысты диагностика дәрігері
Уролог
Уролог- андролог
Физиотерапевт
Фониатр
Фтизиатр
Функционалды диагностика кабинетінің дәрігері
Хирург
Хирург онколог-маммолог
Эндокринолог
Эндоскопист
Эпилептолог

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төменгі бағамен сатып ала алады

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық Одақ елдері үшін (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. ЕЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық препараттар таратылады. Бұл қазақстандықтар үшін ЕЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктің есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одақ аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығына жүктелген (әрі қарай - ДЗҰСО).
Биыл ДЗҰСО сынақ орталығы Еуропа Кеңесінің дәрілік заттардың сапасын бақылау Еуропалық директоратында (EDQM) аккредитациядан өтеді, оған мүше болу ДЗҰСО-да жасалатын сынақтардың нәтижесінің халықаралық деңгейде мойындалуын және дәрілік заттарды сынақтан өткізу мәселелері бойынша Еуропа елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.  
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымын өзара инспекциялауды мойындау мақсатында ЕАЭО-ның барлық елдері PIC/S құрамына кіруі керек. PIC/S – фармацевтикалық инспекция бойынша конвенция мен фармацевтикалық инспекциялар ынтымақтастық жүйесі – GMP саласындағы өзара белсенді және құрылымдық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін елдердің фармацевтикалық секторларын реттеуші органдар арасындағы екі халықаралық келісім болып табылады. Қазақстан мен Белорусь PIC/S құрамына ену үшін өтініш білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидалары мен тәртіптері туралы келісімге 2014 жылдың 23 қаңтарында қол қойылды.  
Деректер: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.