Жаңалықтар
Best Doctor logo

Медициналық ақпараттық портал

Ол Қазақстанның үздік дәрігерлер туралы ақпаратты қамтиды.

Біз көмектесе аламыз Сіз дұрыс дәрігерге қабылдау жету!

Әлеуметтік медициналық көмек
+7 778 000 05 57
Дәрігерлер порталда - 942
Маған керек
Акушер-гинеколог
Аллерголог
Аллерголог
Ангиохирург
Анестезиолог-реаниматолог
Апитерапевт
Аритмолог
Атлант-специалист
Бактериолог
Бала гинекологі
Балалар неврологы
Балалар аллергологы
Балалар анестезиолог-реаниматологы
Балалар гастроэнтерологы
Балалар гематологы
Балалар инфекционисті
Балалар кардиологы
Балалар кардиохирургы
Балалар көз дәрігері
Балалар нейрохирургы
Балалар нефрологы
Балалар онкогематологы
Балалар онкологы
Балалар отоларингологы
Балалар психиатры
Балалар пульмонологы
Балалар ревматологы
Балалар стоматологы
Балалар травматолог-ортопед
Балалар уролог-андрологы
Балалар урологы
Балалар хирургі
Балалар эндокринологы
Барофизиолог
Венеролог
Вертебролог
Вертебролог - ортопед
Гастроэнтеролог
Гематолог
Гематолог-онколог
Гемодиализ дәрігері
Генетик
Гепатолог
Гинеколог
Гинеколог-эндокринолог
Гирудотерапевт
Гомеопат
Дауысым жоғалып кетті
Дене шынықтыру дәрігері (ЕДШ)
Дерматовенеролог
Дерматокосметолог
Дерматолог
Дефектолог
Ересек дерматовенерологы
Жақ-бетті хирург
Жанұялы дәрігер
Зертханашы-дәрігер
Иммунолог
Инемен емдеуші дәрігер
Интервенциялық аритмолог
Интервенциялық кардиохирург
Инфекционист
Кардиолог
Кардиохирург
Комбустиолог
Косметолог
Логопед
ЛОР
Маммолог
Маммолог-онколог
Мануальді терапевт
Массажист
Монтессори мұғалімі
Нарколог
Невролог
Нейрохирург
Неонатолог
Нефролог
Окулист
Онколог
онкохирург
Онкохирург, онкомаммолог
Операция жасайтын акушер-гинеколог
Ортопед
Ортопед -травматолог
Остеолог
Оториноларинголог
Офтальмолог
офтальмохирург
Педиатр
Пластикалық хирург
Подолог
Проктолог
Психиатр
Психолог
Психотерапевт
Пульмонолог
Радиолог
Реабилитолог
Ревматолог
Рентгенолог
Репродуктолог
Рефлексотерапевт
Сәүлелі диагностика
Сомнолог
Спорттық медицина дәрігері
Стоматолог
Стоматолог-имплантолог
Стоматолог-ортодонт
Стоматолог-ортопед
Стоматолог-терапевт
Стоматолог-хирург
Сурдолог
Сурдопедагог
Тамыр ангиохирургі
Тамыр хирургы
Терапевт
Тифлопедагог
Торакальді хирург
Травматолог
Травматолог-Ортопед
Трансплантолог
Трансфузиолог
Трихолог
Ультрадыбысты диагностика дәрігері
Уролог
Уролог- андролог
Физиотерапевт
Фониатр
Фтизиатр
Функционалды диагностика кабинетінің дәрігері
Хирург
Хирург онколог-маммолог
Эндокринолог
Эндоскопист
Эпилептолог

Жаңалықтар

Емдегеннен гөрі, сақтандыру оңай. CHECK-UP ДЕГЕН НЕ?
Емдегеннен гөрі, сақтандыру оңай. CHECK-UP ДЕГЕН НЕ?

Өмірдің қазіргі ырғағы адамды көптеген сынақтарға сөзсіз ұшыратады, ал ол оның денсаулығына әсер етеді. Сонымен, өзінің ағзасына физикалық және ақыл-ой жүктемесінен кейін қалпына келтіруге іс жүзінде уақыты жоқ. Нәтижесінде шығынды, уақытты, шыдамдылықты білдіретін, емдеуді талап ететін аурулардың шоғырын жинаймыз. 


Медициналық сервис бақытымызға қарай, бір орында тұрған жоқ. Бүгінде өз денсаулығын қастерлейтіндерге, тіпті клиникалық симптомдары болмаса да, аурулардың алдын ала кезеңін диагностикалау ұсынылады. Осы қызмет кешені Check-Up деп аталады. Оларды 2012 жылдан бастап, жеке Check-Up орталық болып құрылған, Астана қ. «№1 Қалалық аурухана» ҚКК ШЖҚ ұсынады. 



Стоматологтарға арналған SKY fast&fixed прогрессивті жүйесіне тұсаукесермен өткізілген семинар
Стоматологтарға арналған SKY fast&fixed прогрессивті жүйесіне тұсаукесермен өткізілген семинар

Астана қаласында алғаш рет Doctor Dent стоматология клиникасының жүйесі Bredent Medical неміс компаниясымен бірлесе имплантологтар үшін, ортопедтер мен тіс техниктеріне SKY fast&fixed жүйесінің ұғымын тұсаукесермен оқыту семинары өткізді. Бұл шынайы пациентке жасалған операцияны көрсетумен эксклюзивті курс болды. Астана және Қарағанды қалаларының  20-дан астам дәрігері оқытылып, қорытындысы бойынша курсты тыңдаушылар сертификатын алды.  

Медиктер әйелдерге босану кезінде тамақ ішуге рұқсат берді
Медиктер әйелдерге босану кезінде тамақ ішуге рұқсат берді

Ұзақ уақыт бойы жүкті әйелдерге босану кезінде тамақ ішуге тыйым салынған болатын. Оның үстіне қақалу қаупі туындайды. Бірақ анестезия бүгінгі күні бұрынғыға қарағанда қауіпсіз. Көптеген әйелдерге босану кезінде күш қуат қажет, дейді The Daily Mail.

Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды
Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды
Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды
Қазақстанда бірегей операция өткізілді
Қазақстанда бірегей операция өткізілді
Бірінші рет Орталық Азияда Ұлттық нейрохирургия орталығының жетекші дәрігерлері мен Германияның профессоры Валтер Штумермен бірлескен интраоперациялық флуоресценцияны қолданумен қатерлі ми ісігін микрохиругиялық жолмен алып тастау операциясы өткізілді.    
10 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды
10 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды
2015 жылғы 16 наурыз бен 24 тамыз аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 10141 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 10141 азаматтың 6354-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1999 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1788 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.
Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 24 тамыз аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 3022 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 4913 рет барды.
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша 1761 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.
Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.
Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.
Деректер: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төменгі бағамен сатып ала алады
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төменгі бағамен сатып ала алады
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық Одақ елдері үшін (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. ЕЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық препараттар таратылады. Бұл қазақстандықтар үшін ЕЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктің есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одақ аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығына жүктелген (әрі қарай - ДЗҰСО).
Биыл ДЗҰСО сынақ орталығы Еуропа Кеңесінің дәрілік заттардың сапасын бақылау Еуропалық директоратында (EDQM) аккредитациядан өтеді, оған мүше болу ДЗҰСО-да жасалатын сынақтардың нәтижесінің халықаралық деңгейде мойындалуын және дәрілік заттарды сынақтан өткізу мәселелері бойынша Еуропа елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.  
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымын өзара инспекциялауды мойындау мақсатында ЕАЭО-ның барлық елдері PIC/S құрамына кіруі керек. PIC/S – фармацевтикалық инспекция бойынша конвенция мен фармацевтикалық инспекциялар ынтымақтастық жүйесі – GMP саласындағы өзара белсенді және құрылымдық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін елдердің фармацевтикалық секторларын реттеуші органдар арасындағы екі халықаралық келісім болып табылады. Қазақстан мен Белорусь PIC/S құрамына ену үшін өтініш білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидалары мен тәртіптері туралы келісімге 2014 жылдың 23 қаңтарында қол қойылды.  
Деректер: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.
Қазақстандық дәрігерлер қызылшаға қарсы кезекті вакцинаға дайындалуда.
Қазақстандық дәрігерлер қызылшаға қарсы кезекті вакцинаға дайындалуда.
Қазақстандық дәрігерлер қызылшаға қарсы кезекті вакцинаға дайындалуда.  
Екпе кампаниясы барлық республика бойынша 1 қазанда егуге кіріседі. Қыста үлгірмеген жасөспірімдер вакцинаны алулары қажет. Ақпанда балалардың жаппай ауруханаға жүгінуінен кейін кампанию екпені тоқтатқан болатын. Тексеру барысы вакцинаның қауіпсіздігін дәлделдеді. Енді егуді 15-тен 19 жастағы адамдарға қайтадан бастайды деп 31 канал хабарлайды.
Қостанай емханасында иммундаудан өткен кампания барысында қызылшадан егілуге үлгірмегендердің тізімдері құрастырды. Барлық облыс бойынша 9000 адам егілмеген. 15 пен 19 жас аралығындағы балалар — тәуекел тобындағы балалар деп аталады. Егу бригадалары қалыптастырылған. Осы жылдан бастап дәрігерлердің өздері мектептегі және ЖОО-дағы медицина пунктеріне  барады.
«Біздің емханада 15 егу бригадасы жұмыс істейді. Олар бір мезгілде егу жұмыстарына шығады. Әрине, тізім болады. Барлық санитарлық норманы сақтау үшін күніне бір бригада 60-тай балаға екпе жұмыстарын жүргізеді», — дейді Қостанай қ. «№1 Емхана» КҚЕ бас дәрігерінің орынбасары Гульнара Бекбосынова.
Жыл басынан бері қызылшамен ауыратындардың деңгейі 10 есе өсті. Елімізде екі мыңнан астам жағдайлар тіркелген. Алайда, бұндай келеңсіз статистика  адамдардың егілуіне қол жеткізе ме, оны айту қиын. Вакцина бойынша кампанияның бірінші кезеңі өте табысты болған жоқ. Ол 16 ақпанда өтті, ал үш күннен кейін бағдарламаны тоқтатуға тура келді. Ауруханаларға бас ауруымен және құрысумен 264 жасөспірім түсті.
Үнділік вакцинасын сатып алуға екі жүз миллион теңге жұмсалды. Оны еуропия аймақтарында жыл бойы табысты пайдаланылады. Тек өткен жылы ғана 45 елден                240 миллион адам егілді. Қазақстанда иммундаудың екінші толқынында 15 пен                 19 жас аралығындағы 400 мың жасөспірім егілуге тартылады.  
«1 қазан күні кездейсоқтан таңдалған жоқ, өйткені 2014 жылы өткізілген иммундау 2015 жылғы ақпанда тоқтатылды, ал мамыр айында мектеп түлектері үшін ҰБТ тапсыруға дайындалудың қызу кезеңі басталды, одан әрі әскерге шақыру, жазғы айларда көптеген балалар мен ата-аналар үшін – жазғы демалыс уақыты болады, -дейді ҚР Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.
Кездесу соңында Жандарбек Бекшин вакцинаның Алматыдағы медициналық препараттарды Ұлттық сараптау орталығында қосымша сыналғандығын атап өтті. Зерттеулер вакцинацияланғандардың жанама әсері жасөспірімдерге тән сипатта психоэмоциональдық күйде болғандығын көрсетті.
Деректер: 31 каналдан.